Шетелде ойнаған қазақстандық футболшы «Шахтер» сапында қаралымнан өтуде

01.02.2021, 17:52
Футболшы бірнеше апта бұрын Қазақстанға қайта оралған еді.
Шетелде ойнаған қазақстандық футболшы «Шахтер» сапында қаралымнан өтуде

Қарағандылық "Шахтер" 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Карам Сұлтановқа көз тікті, деп хабарлайды KazFootball.kz. Футболшы қазірдің өзінде "Шахтердің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Карам Сұлтанов Әзірбайжан чемпионатында өнер көрсететін "Сумгайт" клубында доп тепті. Қорғаушы ол клуб үшін 7 матч өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сұлтанов командадан артық салмақ мәселесіне байланысты кетіп қалған.

Қазақстан жастар құрамасының экс-қорғаушысы бұған дейін "Ордабасы", "Каспий", "Бәйтерек" және "Қызыл-Жар" клубтарының намысын қорғаған. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 24 матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×