Щеткин «Роторда» айына 8,5 миллион теңге алады

14.01.2021, 02:51
Щеткин «Роторда» айына 8,5 миллион теңге алады

“Астананың” Иван Маевский, Дмитрий Шомко және Алексей Щеткин сынды ойыншылары ресейлік “Ротор” клубына ресми түрде ауысқаны белгілі болған еді.

“Мутко против” телеграм-каналының хабарлауынша, Алексей Щеткин волгоградтық клубпен жарты жылдық келісімшартқа отырған және айына 1,5 миллион рубль, яғни 8,5 миллион теңгеден аса айлық алатын болады.

Алексей Александрұлы 2019/2020 жылғы маусымда 21 ойынға қатысып, бес мәрте қақпа торын тулатып, нәтижелі пасымен көзге түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×