Таңат Нөсербаев «Арыс» клубына ауысуы мүмкін

14.01.2021, 04:17
Шабуылшы бір жыл бойы кәсіби деңгейде доп тепкен жоқ.
Таңат Нөсербаев «Арыс» клубына ауысуы мүмкін

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы Таңат Нөсербаев "Арыс" клубына ауысуы мүмкін.

Шабуылшы "Арыс" клубының оқу-жаттығу жиынына келді. Айта кетейік, Нөсербаев бір жылдан астам уақыт бойы кәсіби деңгейде ойнаған жоқ.

Таңат Нөсербаев бұған дейін "Астана" (151 матч, 46 гол), "Ордабасы" (121 матч, 22 гол) және "Тобыл" (25 матч, 7 гол) командаларында ойнаған. Шабуылшының соңғы клубы "Оқжетпес" болды, Таңат 2019 жылы бұл клуб үшін 14 матч өткізіп, 5 гол соқты. Қазақстан Премьер-лигасында Таңат Нөсербаев 311 ойын өткізіп, 80 гол соқты.

Бұған дейін "Арыс" клубының ҚПЛ-ге жолдама алғаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×