Щеткиннің қос голы «Роторға» жеңіс сыйлады

03.02.2021, 03:23
Бұл қос гол «Ақтөбенің» жеңілісіне себеп болды.
Щеткиннің қос голы «Роторға» жеңіс сыйлады

"Ақтөбе" Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында екінші жолдастық кездесуін өткізді. "Ротор" клубымен болған кездесу 2:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.

"Ақтөбе" бірінші таймда Виталий Балашевтің соққан голының арқасында алға шыққан болатын. Бірақ екінші таймда алаңға шыққан "Ротордың" қазақстандық шабуылшысы Алексей Щеткин дубль жасап, ресейлік клубқа жеңіс сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" бірінші жолдастық кездесуде мәскеулік "Динамомен" тең (2:2) түскен еді. Аталған кездесуде Максим Самородов пен Виталий Балашов көзге түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×