Шевадай ұл Алашқа қашан бітеді?

03.12.2010, 17:19
Шевадай ұл Алашқа қашан бітеді?
Шевченко Николайұлы Андрейдін неміс азаматы болып туылуы мүмкін екенін біреу білсе, біреу біле қоймас. Оның әкесі Никалай Григорьевич Шевченко Кеңес армиясының неміс жеріндегі әскерінде кызмет ететін. Андрейдін туылуына бірнеше  ай қалғанда, болашақ футбол жұлдызының шешесі Любовь Никалаевнаға отанына қайтуға кеңес береді де ол кісі аяғының ауырлылығына қарамай дереу арада отанына қайтады. Артынан күйеуі де Киев әскери бөліміне ауысуын күтеді. Әкесінің кызмет орыны ауысқанша  1976 жылдың 29 кыркүйегінде Украинаның Киев облысында, Яготинский ауданында, Двиркивщина ауылында Андрей дүниеге келеді. Балалары дүниеге келгеннен соң Андрейдиң ата – анасы көп кешікпей Киевке қоныс аударады. Сол жерде 216 орта мектептін табалдырығын аттайды. Кәзир сол мектепте Андрей отырған партаға отыру үшін оқу озаттарының  ең үздігі ғана отыруға қуқылы деседі. Сыныбының физика, математика пәндерінің үздігі болмаса да, сыныптың басшысын тандағанда бір дауыспен барлығы Шеваны сайлаған екен. Андрей алғашында шайбалы хоккейге қатты әуесі ауады, бірақ әкесі оны футболға басын б9руға ыкпалын тигізеді.Ол тоғызга келгенде бапкері Олександр Шпаков оны «Динамо» Киевтін жасөспірім командасына енгізеді. Шевченко Андрей Николайұлы (Shevchenko) Футбол клубтары – Динамо (Киев) -1994-1998, Милан (Италия)- 1998-2007, Челси (Англия) 2007-2008, Динамо (Киев) – 2009. Амплуасы – шабуылшы; Бойынын ұзындығы – 183см; Салмағы – 72 кг.; Ұлты – украин; 12 жасында Италия еліне жарысқа баратын құрама жасақталатын болып, Андрей жаттығуларын үдетіп, Европа жеріне баруға үміткерлер катарына кіруді алдына максат койып, өз дегеніне жетеді. Миланның әйгілі «Сан – Сиро» стадионын көріп Андрейдің бақыттан басы айналып : «Түс! Ғажайып түс!» деп ойлайды. Содан бері оның отырса тұрса арманы осындай командада ойнау еді. Бір аптадан соң қайтатын уақыт болған кезде азанғы асын ішпей,ол тағы да бір көріп кетейін деп  стадионға жүгіріп келеді де бірер минут тұрады да, бес тиынды жасыл алаңға ырым етіп «Қайтып келу үшін» деп лақтырып жібереді. Шеваны өмірбаянынан бейхабар адамдар мына әнгімені ертегі екен деп калатын шығар, бірақ мен мұны Андрейдін өзінін аузынан естідім десем сенетін шыгарсыңдар. Ол алғашқы Алматыға ат басын бұрғанда … Жә, мақаланың мәтінінен ауытқып бара жатыр екем ғой. Содан үйге қайтысымен ол жаттығуларына аса бір үлкен ынтамен кірісіп кетеді, және өзін біржолата футболист болғысы келетінін шешеді. Жетінші сыныпта оқып жүрген шағында кезекті бір жарыстан өзі туралы жазылған бір мақаланы мұғаліміне көрсетеді. Мұғалімі оқып болысымен одан қолын қойып беруді өтінеді. Ол ойланбастан озінің «қолтаңбасын» қойып береді. Сол кезде әлі талай «қолтаңба» қоятынын білді ме екен… Киевтін дене шынықтыру институтына бір дегеннен түсе алмай қалады. Қазір бұған сену қиын шығар, бірақ ол қабылдау емтиханының футбол такырыбынан сүрінеді. Ал «Динамо» Киевтің бапкерлерінің ол туралы қабылдау комиссиясына  қарағанда басқа ойда еді. Оны көп ұзамай Украинаның олимпиялық құрамына шакырады. Ал осыдан бір жыл өтпей жатып, әрине Киевтік «Динамо» сапында, жанкүйерлер оның Чемпиондар Лигасындагы алғашқы ойынына куә болады. Оның ойыны, соққан голдары клубына женістер әкеле бастады. 1997 жылы Динамоның «Nou Camp» стадионында әйгілі Испаниянын «Барселонасын» 4 -0 есебімен ойсырай жеңгендерін футбол сүйер қауым ұмыта қойған жок шығар. Сол кездері Шеваға Европаның ең үздік деген клубтары өз қатарларына қосу әрекеттерін үдете түскен. Бірақ Андрейдін екінші «әкесі» (Андрей сөзінен) марқұм Валерий Васильевич Лабоновский  оны басқа бапкердін қолына беруге асықпады. «Әлі ерте, күте тұр» деуші еді көреген бапкер өз шәкіртіне. Ол кезде көптеген ойыншылар  үлкен акшаның жолында Европаға аттанушы еді. Бірақ көбісі барған клубтарынында өз орынын таппай, футболдан тыс  қалып жататын. Бәлкім дәл осындай жағдайлардан қорыққан болар, Европаға кетуіне үзілді кесілді қарсы болды.Тек 1999 жылы 24 жасқа толғанда, кішкентай кезінен арманы болған «Миланнан» ұсыныс түскен кезде ол бапкеріне ауысқысы келетіні туралы айтып, өз батасын беруін  өтінді. Сөйтіп 1999жылдың 2 шілдесінде  «Миланмен» келісім шартқа отырды. . Оған дейін ол Киевтің «Динамо» сапында жүріп небәры 118 матчта 60 рет қақпашыларды ренжітіп үлгерген және Украинаның дүркін чемпионы, 3 рет сол елдін Кубогынын иегері атанып қойған болатын. Өзінің Италиядағы алғашкы маусымынында-ақ 24 голмен «А» сериясының сұрмергені атанды. Ол  бірден Италия чемпионатының нөмірі бірінші футболшысы, жұлдызы бола алды. Европаның бүкіл спорттық газет, журналдарының беттері  Шевченко суреттеріне толып кетті. Спорттық дүкендерде «Шевченко» атымен киімдер сатылымы дүкен қожайындарына табыс әкеле бастады.  «Сан – Сиронын» киім шешетін жері мен көлігінің арасындағы жүз қадам жерді жүріп өту үшін оған жарты сағаттан көп уакыт кететін болды. Қолтаңба алу үшін  жиылған жұрттың арасынан өтудің қиын екенін жаксы түсінетін шығарсыз. Өзiнiң «Хан» және «Солтүстіктен келген Ғажайып» деген лақап аттарын сол «Миланның» жанкүйерлерiнен алды. Мынандай құрмет, атақтан кез келген адамның басы айналып спорттық бабына әсер етуі мүмкін ғой, (әсіресе ол казақ болса) бірақ Шева үшін мұндай көпшіліктің ыкыласы одан сайын күш беретін, және осыны жасыл алаңда дәлелдеуге тырысатын. . Бір күні кешке оның телефоны шырылдап қоя берді. Телефонды көтеріп ар жақтан «Андрюша, Валерий Васильевич өмірден өтті. Тез кел.» деген сөздерді ғана естиді де, есінен танған адамдай отырып қалады. Бұл 2002 жылдың мамырының 13 жұлдызы еді.    Осыдан бір апта бұрын «Мидың кан айналуының бұзылуы» деген диагнозбен Запорожье каласында емханаға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен ол кісіні аман алып қала алмады. Әрине Шева көздін жасын жасыра алмады, өйткені өмірден озған жай ғана бапкер емес, Андрейдің жақсы көрген мұғалімі еді. Валерий Васильевич Киевтің Байковский мурдесіне жерленді, және «Динамо» стадионы сол кісінің атымен аталатын болып шешілді. Сол маусымдағы Чемпиондар лигасының ақтық кездесуінің алдында ол гол ұрып, сол голды өмірден озған бапкеріме арнаймын деп уәде беріп, сөзінде тұрады. Және Андрейдің  сол голы «Миланға» жеңіспен бірге Европаның ең беделді клубтық Кубогін алып келді. Әр жеңімпаз Кубокті өз отанына апарып келуіне құқылы болғандықтан Украинаға тартып кетеді. Кубокпен Киевке келісімен ең бірінші Байковский мүрдесіндегі бапкерінің ескерткішіне апарады. Андрейдің осы жеңісінің куәсі болуына  Валерий Васильевичтің бір жыл өмірі жетпей қалды. Көп ұзамай Италия чемпионы атанып, Европаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне де ие болды. Андрей Шевченконың өмірбаянынан алынған үзінділерін осы жерден тоқтата тұруды жөн көрдім. Оның «Челсиге» ауысып, одан отанына оралғаны туралы жазу келесі жолға қалдаралық. Ау, бұл қазақ бұны неге жазып отыр дерсіз. Мұндағы түпкі ойым қазақ жастарынан осындай таланттар шығып (олардың бар екеніне кәміл сенемін) үлкен табыстарымен қазақ футболының даңкын аспандатып, әлемдік жұлдызға айналып жатса әрдайым Шевадай қарапайым болып, кайда жүрсе де туған жерін ұмытпай ,патриоттық сезімдері сөнбесін дегенім ғой. Мақаламның соныңда қазақ  жастарына айтарым: «Ағайынның аты озғанша көршінің тайы озсын» дегендей, дәл кәзір Украинаның тайы озып келе жатқанына қуанып отыра бермей, тас жарардай талантың  болмаса да, талаптанған тау мінер, атқа қон қазақ баласы деп мына бір өлең шумақтарын бүгінгі кейіпкеріммен, қазағымның допқа құмар жастарына  арнаймын…

Андрей деген баласын хохолыңның

Танып калды бүгінде кәрі жасың.

Доп теуіп де озуға болатынын,

Біліп қалдың өзіңде, жас тарланым.

Допты тепсең түзу теп Андрейдей

Баласы ғой елінің ол да сендей

Топқа туссең озып шық Андрейдей

Шаршадық қой жүзі жоқ қылыш сермей.

Қазақтан Андрейлер туылмайма,

Құлақтар ән мен күйден дуылдайма.

Шыдаммен күте білсек тағы біраз,

Жеңістен қазақ елі шуылдайма.

Талабың талантыңнан биік болса

Кеудеңе тағаттықтан күиік толса,

Доп алып жаттыққанды үдетсеңші

Қақпаның торын жыртар текпін болса.

Түріктин алты нөлі естен кетпес

Болғандай қазақ енді допты теппес

Күиіктің орны қалды оян талант

Борандай ызылдатшы кәне жерлес.

Үміті үзілмейді бұл елімнің,

Ұлдар өсер ақтайтын ел сенімін

Түрік түгіл ағылшын дүлдүлдерін,

Уэмбли төрінде бүлдіретін.

НҰРМАШ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×