Шпилевский: «Біздің алдымызға осы ұпай айырмашылығын қысқартпау міндеті қойылды»

05.10.2020, 16:05
Келесі тур ойындары халықаралық үзілістен кейін басталады.
Шпилевский: «Біздің алдымызға осы ұпай айырмашылығын қысқартпау міндеті қойылды»

"Қайрат" клубының бас бапкері Алексей Шпилевский "Астанамен" (3-0) болған матч жайлы пікір білдірді. ⠀⠀⠀

- Жігіттер бүгін сәтсіз өткен екі матчтан кейін керемет реакция көрсетті. Аталған екі матчта біз төрт ұпай жоғалттық. Бүгін мен үшін бұл барлық жағынан толық және лайықты жеңіс болды. Ең бастысы, біз гол соқтық, ойында көптеген мүмкіндіктер мен шабуылдар жасадық. Мен ойыншыларыммен мақтанамын, олар бүгін нашар тілек білдірушілерге жауап берді. Біздің алдымызға осы ұпай айырмашылығын қысқартпау міндеті қойылды. Өткен матчтар біз үшін сабақ болды, ойыншылар мұны түсінді. Жігіттер керемет жұмыс жасады. Біз әрі қарай жылжимыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×