Дуглас Коста «Баварияға» ауысады

05.10.2020, 17:29
«Бавария» былтырғы жетістігін қайталау үшін жаңа ойыншылар сатып алуда
Дуглас Коста «Баварияға» ауысады

«Ювентустың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Дуглас Коста «Баварияға» қайта оралады, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің хабарлауынша, Мюнхендік клуб ойыншыны жалға алу туралы келісімге келген. «Баварияда» «Челсидің» жартылай қорғаушысы Каллум Хадсон-Одойды алу мүмкіндігі болмағандықтан, Костаны қайтарып алу туралы шешім қабылдады.

Коста «Баварияда» 2015 жылдан 2017 жылға дейін ойнады. Мюнхендік клубтың құрамында жартылай қорғаушы екі рет Германия чемпионы болды. Футболшы «Ювентусқа» 2017 жылдың жазында «Бавариядан» 6 миллион еуроға жалдау шарты бойынша ауысқан еді. Бір жылдан кейін италиялық клуб ойыншыны 40 миллион еуроға сатып алды.

Биылғы маусымда 30 жастағы Коста Италия чемпионатында екі кездесу өткізіп, тиімді әрекетпен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×