Трансферлік терезенің соңғы күнінде орын алуы мүмкін трансферлер

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
05.10.2020, 18:36
Бүгін трансферлік терезенің соңғы күні. Күтпеген трансферлерді де көруіміз мүмкін.
Трансферлік терезенің соңғы күнінде орын алуы мүмкін трансферлер

Бүгін түнде Еуропаның көптеген лигаларында трансферлік терезе жабылады. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр - болуы мүмкін трансферлер туралы сыбыстар әлеуметтік желілерді кезіп жүр. Күтілген ауысымдардың ішіндегі ең қызықтысы туралы айтып көрейік.

Жоао Марио - "Интер" - ПСЖ

"Локомотивтің" бұрынғы ойыншысы тағы да "Интерге" қажет болмай қалды. Италиялық клуб ойыншыны 18 миллион еуроға бағалап отыр. Ресейлік команда Жоао Марионы сатып алғысы келген еді, бірақ «Интер» теміржолшылардан дәл осы бағаны талап етті. Бір қызығы, ойыншының трансферлік құны бар-жоғы 13 миллион еуроны құрайды (Transfermarkt-қа сәйкес).

Содан кейін «Локомотив» келіссөздерден бас тартты, ал Жоао «Интерге» қайта оралды. Марионың "Марсельге" ауысуы туралы да ақпарат болды, бірақ португалиялық футболшы ақыр соңында басқа француз клубы - ПСЖ ойыншысына айналады. Рас, бұл толыққанды ауысым ба, әлде жалдау шарты бола ма, ол әлі белгісіз. Жоао медициналық тексерістен өту керек, содан кейін ғана келісімшартқа қол қойылады.

Эрик Шупо-Мотинг - «Баварияға» (еркін агент ретінде)

Камерундық шабуылшы көпшілік үшін күтпеген жерден былтырғы Чемпиондар лигасының басты кейіпкерлерінің біріне айналды - оның голы болмаса, ПСЖ финал түгілі жартылай финалға шыға алмас еді. Ширек финалда "Аталанта" қақпасына шешуші голды соққан дәл осы Шупо-Мотинг. Жалпы, Эрик бұл маусымда өте аз ойнады: париждіктер үшін небәрі 20 матч, оның тек сегізінде негізгі құрамда шықты. ПСЖ Шупо-Мотингпен келісімшартты жаңартқысы келмейтінін мәлімдеді. Енді камерундық ойыншы "Баварияға" ауысуға жақын.

Неміс және француз баспасөзінің хабарлауынша, Эрик Мюнхендік клубпен екі жылдық келісімшартқа отырады. Ол бұған дейін Германияда «Шальке 04», «Майнц», «Гамбург» және «Нюрнберг» командаларында ойнаған.

Тьемуэ Бакайоко - «Челси» - «Наполи»

Бакайоконың «Челсиде» жолы болмады. Лондондық клуб оны екі рет жалдау шарты бойынша басқа клубқа жіберді - "Милан" және "Монакоға". Онда Бакайоко жақсы ойнады, бірақ ол «ақсүйектерге» қажет ойыншы екенін дәлелдей алмады. Тьемуэ тағы да жалға беріледі, қазір «Наполи» клубының бас бапкері Дженнаро Гаттузо Бакайоконы командада көргісі келеді деген болжам бар. Екі жыл бұрын олар "Миланда" бірге жұмыс жасаған болатын.

Эдинсон Кавани - «Манчестер Юнайтедке» (еркін агент ретінде)

Уругвайлық шабуылшы көптен бері жаңа команда іздестіруде. ПСЖ ойыншысы бола тұра, Кавани "Атлетико", "Рома" және "Челсимен" келіссөздер жүргізді. 2020 жылдың жазында Париждік клубтан кетіп, "Бенфикаға" ауысуы мүмкін еді. Эдинсон қазір "Манчестер Юнайтедке" ауысудың аз-ақ алдында тұр. Ақпаратты футболшының агенті Уолтер Гульельмоне растады: «Бұл шындық. Біздің «Манчестер Юнайтедпен» келісіміміз бар, - деді ол Inside Futbol жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында. Трансфер туралы бүгін ресми түрде жарияланады деп күтілуде.

Джастин Клюйверт - "Рома" - "РБ Лейпциг"

Аңызға айналған Патрик Клюйверттің ұлы "Рома" сапындағы орнынан айырылды. Ағымдағы маусымда Джастин алаңда тек 18 минут өткізді, ал «Ювентусқа» қарсы матчта мүлдем алаңға шықпады. Ойын практикасы үшін Клюйверт "РБ Лейпцигке" барады, Германиялық клуб талантты жастармен жұмыс жасауды жақсы көреді және біледі. Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, голландиялық футболшы бір маусымға жалға беріледі. Сонымен қатар "РБ Лейпциг" маусым соңында ойыншыны сатып алуға құқылы.

Марио Гётце - "Гертаға" (еркін агент ретінде)

Bild газетінің хабарлауынша, Гётце "Гертаға" қосылуға жақын. Берлиндік клуб Мариоға бұрыннан қызығушылық танытқан. Енді футболшы еркін агент мәртебесін алғаннан кейін келіссөздер басталып та кетті. Гетце «Гертаның» бас бапкері Бруно Лаббадиамен сөйлесіп үлгерген екен. Марионың жалақысы үлкен мәселе туғызып отыр: «Боруссияда» ол жылына 10 миллион еуро алды, ал берлиндіктер аталған соманың жартысын ғана ұсынуға дайын. Гётцені «Баварияның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик алғысы келді, бірақ клуб басшылығы Фликтің бұл шешімін мақұлдамады. Қазір Мариода мансабын жалғастырудың тек бір ғана мүмкіндігі қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×