Шпилевский “Қайратқа” орала ма? – Шындық белгілі болды

29.04.2026, 13:15

Ресейлік “Пари НН” клубынан жақында ғана кеткен маман "Қайратқа" оралады" деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Шпилевский “Қайратқа” орала ма? – Шындық белгілі болды

Шпилевскийдің айтуынша, жаңа жұмыс орнын дәл қазір талқылау — кәсіби этикаға жатпайды. Бапкер өзінің бұрынғы ұжымымен келісімшартты кеше ғана үзгенін алға тартып, асығыс шешім қабылдамайтынын жеткізді.

“Мен “Пари НН” клубымен кеше ғана қоштастым. Сондықтан дәл қазір басқа ұсыныстарды талқылаудың өзі орынсыз. Оның үстіне, “Қайраттың” қазіргі бапкері — өз ісінің шебері әрі өте жақсы адам. Мұндай жағдайда келіссөз жүргізу дұрыс емес. Таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.” — деді маман Аsnews.kz басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×