«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Еуропа лигасының екінші кезеніндегі «Маккабиге» қарсы ойыны (1:2) туралы пікір білдірді:
- Өте өкінішті. Алаңда үздік ойнаған команда емес, сәттілік серік болған команда жеңімпаз атанды. Матчтың нәтижесіне қарамастан мен өзімнің жігіттеріммен мақтанамын. Алғашқы 15 минутта біз алаңға, қарсыласқа, ауа-райына бой үйреттік. Матчтың басы өте қиын болды, бірақ содан кейін біз ойынды толығымен өз бақылауымызға алдық. Менің ойымша, біз матч алдында жоспарлаған мақсаттарға жете алдық.
Оларға қос қапталдан бос кеңістік берген жоқпыз, дриблинг жасауына да жол бермедік. Біздің ойыншылар шабуылға көп қосыла алған жоқ. Біріншіден, қарсыластар допты аз жоғалтты, екіншіден, ойынға тез оралды. Жылдам ауысатын аймақтар болған жоқ. Сондықтан, позициялық шабуылдарға көп көңіл бөлуге тура келді. Ия, бізде қателіктер болды, бірақ біз гол соғу үшін көптеген мүмкіндіктер жасадық. Өкінішке орай, екі гол салу бұйырмаған екен.
Екінші голға келетін болсақ, ол офсайдта болды ма, жоқ па - менің ойымша, бұл маңызды мәселе. Сондай-ақ, 84-минутта төреші оң қапталдағы қорғаушыға қызыл қағаз беру керек еді.
Бірақ, екінші жағынан, бізде дұрыс даму бағыты бар. Біз бұған ұмтыламыз. Былтырғы Израильдегі командамызды салыстырыңыз, айырмашылыны аспан мен жердей. Бұл командамен мақтана аламыз. Өкінішке орай, біз лайықты нәтижеге қол жеткізе алмадық, бірақ өмір жалғасуда. Енді бізге чемпионаттың барлық матчында жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек.
Біздің серіктес: FONBET