Шпилевский: «Вагнерге футболды үйретудің қажеті жоқ»

11.09.2020, 16:17
«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы Вагнер Лав жайлы және беларусь қорғаушысы Денис Поляковпен келісімшарт туралы әңгімеледі.
Шпилевский: «Вагнерге футболды үйретудің қажеті жоқ»

- Сізден төрт жас үлкен, шілде айында келген бразилиялық Вагнер Лавпен жұмыс жасау қиын ба?

- Білесіз бе, мен Ваганың жұмыс тұрғысынан қаншалықты кәсіби екеніне әлі таңғаламын. Алғашында бұл оған қиын болды. Неге десеңіз, ол наурыздан бері ойнаған жоқ. Бірнеше ай бойы жаттыққан жоқ. Бірақ ол бізге жаман жағдайда келді деп айтуға болмайды. Оның Америка Кубогын жеңіп алған Бразилия құрамасының ойыншысы болғанын, УЕФА кубогын жеңіп алған ЦСКА-ның да бұрынғы ойыншысы екенін бәрі біледі. Ресейден басқа ол Түркия мен Францияда өнер көрсетті. Оның керемет тәжірибесі бар! Оған футболды үйретудің қажеті жоқ. Ол өзінің мықты жақтарын біздің ұжымдық ойынға қосуы керек. Бұл жағдай «Қайраттың» алдыңғы екі матчында орын алды - еурокубокта «Ноаға» және чемпионаттағы «Ордабасыға» қарсы.

- Сіз команданың жаңа ойыншысы - Денис Поляковты қорғаныста қандай позицияда пайдаланғалы отырсыз?

- Мен оны көбінесе орталық қорғаушы ретінде көремін. Біз оны алғанымызға өте қуаныштымыз. Денис өте жақсы жігіт - тәрбиелі және ақылды. Әрине, өз ісінің шебері. Мен оны бірнеше жылдан бері бақылап жүрген едім. Онымен «Қайратта» жұмыс істеуге мүмкіндік туғанда, біз оған жиі хабарласатынбыз. Мен оны командада көргім келетінін түсіндірдім. Бізде қазір бұл позицияда тек екі негізгі ойыншы бар. Ия, жастар да бар. Бірақ алдымызға қойған мақстақа жету үшін бізге осы рөлге басқа ойыншы қажет. Денис онсыз да тәжірибелі, ол 29 жаста. Алайда, ол футбол жайлы көп нәрсені білуге ​​дайын. Мұны оның Алматыдағы алғашқы жаттығуы көрсетті. Оның маған адами қасиеттері де, спорттық кәсібилігі де ұнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×