Штрели Мамба германиялық клубтағы алғашқы матчында хет-трик жасады

26.06.2021, 01:49
Мамба Қазақстан чемпионатында небәрі бір гол соққан еді.
Штрели Мамба германиялық клубтағы алғашқы матчында хет-трик жасады

Алматылық «Қайраттан» кеткен Штрели Мамба «Ганзе» клубында өткізген алғашқы матчында 3 гол соқты.

Оның командасы төртінші лигада бақ сынайтын «Пэмпоу» клубымен жолдастық матч өткізіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Штрели Мамба екінші таймда алаңға шығып, хет-трик авторы атанды. Айта кетейік, шабуылшы «Ганза» командасында бір жыл бойы жалдау шарты бойынша өнер көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, футболшы қазақстандық клубқа германиялық «Падерборн» клубынан ауысқан еді. «Қайрат» Мамба үшін 200 мың еуро шамасында қаржы төлеген. Алматылық клуб жейдесінде Мамба 14 матч өткізіп, бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×