"Сигнал Идуна Парк"-Еуропадағы жанкүйерлер ең көп жинайтын стадион

26.05.2015, 21:45
"Сигнал Идуна Парк"-Еуропадағы жанкүйерлер ең көп жинайтын стадион
Әр ойынға шаққанда "Боруссия Дортмунд" стадионына матч сайын сексен мыңнан астам адам жиналады екен. "El Mundo Departivo" басылымы осылай хабарлайды. Зерттеу нәтижесінде кездесу кезінде стадион 80 424 жанкүйерді қабылдайды екен. Осы маусымда команданың тіпті соңғы орынға дейін түсіп, маусым ортасында Бундеслигадағы орнын сақтап қалуға таласқанын да ескерсек, жанкүйерлердің адалдығына қошемет білдіруге болады. Екінші орынды Барселонадағы "Камп Ноу" иеленді. 77632 көрермен. Үздік үштікке "Олд Траффорд" стадионы енді. "Манчестер Юнайтед" стадионы матч сайын орта есеппен 75355 адам жинайды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×