«Сити» кінәсін мойындамады

10.06.2020, 05:32
Өздеріне қарсы шығып масқара қылыпты.
«Сити» кінәсін мойындамады

Дүйсенбі күні Спорттық арбитраж соты «Манчестер Сити» мәселесін қарастырды. Клуб чемпиондар лигасы жарысынан шеттетілген еді. Алайда, клубтың атқарушы директоры Ферран Сориано қаржылық фэйр-плэйді бұзған емеспіз деп сенімді сөйледі.

Der Spiegel басылымы зерттеу жүргізіп ағылшын клубының демеушілік қаржының басым бөлігін жасырын жүргізгенін жазды. Сориано УЕФАға шағым түсіріп, өзгелер бұзып жүрген тәртіпті «Манчестер Ситиге» жаптыңыздар деп айып тақты. Ол сондай-ақ «Манчестер Сити» клубы қаржы мәселесінде өте сенімді қимылдайтынын қоса кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×