«Славия» клубы Дінмұхаммед Қашкеннің болашағына қатысты шешім қабылдады

11.02.2021, 00:55
Жас футболшы бас бапкерге ұнамаған секілді.
«Славия» клубы Дінмұхаммед Қашкеннің болашағына қатысты шешім қабылдады

21 жастағы қазақстандық қорғаушы Дінмұхаммед Кашкен болгариялық «Славия» командасында қаралымнан өте алмады, деп хабарлайды Topsport.bg сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, «Славияның» бас бапкері Александр Тарханов қазақстандық футболшының қызметінен бас тартқан. Кашкен команданың Түркияда өткізген барлық оқу-жаттығу жиындарына қатысты, сынақ матчтарда өнер көрсетті, бірақ бас бапкердің сеніміне кіре алмады.

Өткен маусымда Дінмұхаммед Қашкен «Қайсар» сапында жалдау шарты бойынша ойнады. Қорғаушы қызылордалық клуб үшін 7 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Ол Қазақстан (U-21) жастар құрамасының ойыншысы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×