U17 Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеуін үшінші орынмен аяқтады.
Отандастарымыз 1-топтағы соңғы кездесуінде Словениямен жолыққан. Бұл бәсекенің алдында қос команда қоржынында 3 ұпайдан болған және қай жеңгені екінші орынға көтеріліп, элиталық раунд жолдамасын еншілейтін еді. Өкінішке қарай, маңызды матчта Александр Кузнецовтың шәкірттері 1:2 есебімен ұтылып, жолдамаға қолы жетпеді. Қазақстан сапындағы жалғыз доптың авторы Ерасыл Сәрсенбай (76-минут).
Осы жеңісінің арқасында Словения 6 ұпаймен екінші орын алса, Қазақстан үздік үштікті түйіндеді. Бұл топта көш бастаған Нидерланды командасы да элиталық раундқа шықты.
Біздің серіктес: FONBET