Смақов: «Сырт алаңда тең түсу  – жақсы нәтиже»

02.04.2015, 02:23
Смақов: «Сырт алаңда тең түсу  – жақсы нәтиже»
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов Ресейге қарсы жолдастық кездесуден алған әсерімен бөлісті. «Кездесу екі түрлі әсер қалдырды, жеңетін мүмкіндік болды, жеңіліп қалуымыз да ықтимал еді. Шабуылды түйіндеу жетіспеді. Сырт алаңда тең түсу  – жақсы нәтиже, дегенмен Ресейдің негізгі құрамы алаңға шықпағанын ескерген жөн. Дегенмен ойын қызықты өтті. Исландияға қарсы ойында алаңға шыққан футболшылар бүгін 100% жанын салып ойнады. Сол ойыннан кейін үш-ақ күн өтті. Жанкүйерлерді аз да болса, қуанта алдық. Исландиямен өткен матчтан соң жанкүйерлер реніш білдірді, оларға аз да болса, сенімді қайтарғанымызға қуаныштымын», - деді Смақов.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×