Снейдер немістерге қарсы ойнамауы мүмкін

11.06.2012, 02:38
Снейдер немістерге қарсы ойнамауы мүмкін
      Нидерланды ұлттық құрамасының ойыншысы Уэсли Снейдер Германияға қарсы жасыл алаңға шықпауы мүмкін. Бұл туралы футболшының өзі Данияға қарсы ойыннан кейін хабарлады. Енді Снейдер «неміс машинасына» қарсы алаңға шықпауы «алқызылдар» жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық болмасы хақ.    Данияға қарсы ойындағы жеңіліс Нидерланды құрамасын тығырыққа тірегені анық. Енді топтық кезеңнен шығу үшін ван Марвейк шәкірттеріне келесі екі ойында қарсыластың адымын аштырмау керек. Алайда даттарға қарсы ойында ерекше көзге түскен Снейдердің алаңға шықпауы ван Марвейкке біраз мәселе тудыратындай. Даттармен болған ойыннан кейін Снейдер: « Біз алғашында керемет ойнадық, мен шабуылшыларға пас асырып, олар гол соғуға барынша тырысып бақты. Алайда соңғы жарты сағатта екі не үш мүмкіндікті мүлт жібердік, ал соңғы он минутты босқа өткіздік» деп мәлімдеді. Осы ойыннан кейін тізесінің аздап жарақаттанғанын да ашып айтты. Не де болса «Өлім тобындағы» сәрсенбі күнгі немістерге қарсы ойын «алқызылдардың» тағдырын шешпек.

Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×