Соңғы онжылдықтағы ұлттық құраманы жаттықтырған үздік бапкерлердің тізімі жарияланды

16.01.2021, 16:20
Тізімде соңғы екі әлем чемпионатын жеңіп алған бапкерлер көш бастады.
Соңғы онжылдықтағы ұлттық құраманы жаттықтырған үздік бапкерлердің тізімі жарияланды

Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) соңғы онжылдықтағы ұлттық құрамаларды жаттықтырған үздік бапкердің есімін атады.

Рейтингтегі алғашқы орынды Германия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Йоахим Лёв иеленді. Екінші орында француздардың бас бапкері Дидье Дешам тұр. Бразилиялық маман және өз елінің ұлттық құрамасын жаттықтыратын Тите үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы онжылдықтағы ең үздік 10 бапкердің тізімі төмендегідей:

1. Йоахим Лёв;

2. Дидье Дешам;

3. Тите;

4. Оскар Табарес;

5. Фернанду Сантуш;

6. Висенте дель Боске;

7. Роберто Мартинес;

9. Марк Вильмотс;

10. Гарет Саутгейт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×