Украиналық шабуылшы «Тараз» клубына қаралымға келді

16.01.2021, 16:05
Шабуылшы бұған дейін беларуссиялық клубта доп тепкен.
Украиналық шабуылшы «Тараз» клубына қаралымға келді

27 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Юсов "Тараз" клубының оқу-жаттығу жиынына келді. Бұл туралы журналист және инсайдер Айдын Қожахмет өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Футболшы соңғы екі маусымды беларуссиялық "Торпедо-БелАЗ" сапында өткізді. Аталған клуб үшін шабуылшы 60 матч өткізіп, 15 гол соқты, бір нәтиэелі пас берді. Оның Украинаның жастар құрамасында өткізген бес кездесуі бар.

10 қаңтарда "Тараз" Шымкент қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Команданы қазақстандық маман Сергей Тагиев жаттықтыруда. Жаттығу жұмыстары 23 қаңтарға дейін жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×