Дінмұхаммед Қашкен болгариялық клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда

16.01.2021, 15:30
«Астана» қорғаушысы өткен маусымды «Қайсарда» өткізді.
Дінмұхаммед Қашкен болгариялық клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысуда

"Астана" мен Қазақстан жастар құрамасының 21 жасар қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен Болгарияның "Славия" командасында қаралымда жүр.

"Славияның" бас жаттықтырушысы - ресейлік маман Александр Тарханов. Анталиядағы оқу-жаттығу жиынында команда алты жолдастық кездесу өткізеді.

Өткен маусымда Дінмұхаммед Қашкен "Қайсар" сапында жалдау шарты бойынша өнер көрсетті. Қорғаушы қызылордалық клуб үшін 7 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×