«Қыран» мен «Тараз» жолдастық матч өткізді

16.01.2021, 03:31
Матч тең есеппен аяқталды.
«Қыран» мен «Тараз» жолдастық матч өткізді

Бүгін "Қыран" клубы мен жамбылдық "Тараз" жолдастық матч өткізді. Кездесу Түркістан облысының Сайрам ауданындағы "Ұлан" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Кездесуде тек жергілікті ойыншылар ғана бой көрсетті.

"Тараз" клубы дәл қазіргі уақытта Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жаттығу жұмыстары 10-23 қаңтар аралығына жоспарланған. Бүгін "Тараз" оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матчын өткізді. Команданы қазақстандық маман Сергей Тагиев жаттықтыруда.

Өз кезегінде "Қыран" клубы да жаттығу жұмыстарын Шымкент қаласында өткізуде. "Қыран" алдағы маусымда Бірінші лигада бақ сынап, Премьер-лига жолдамасына таласатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×