Уэйн Руни футболшы мансабын аяқтап, бас бапкер болды

16.01.2021, 03:17
Руни «Дерби Каунтидің» бас бапкері болып тағайындалды.
Уэйн Руни футболшы мансабын аяқтап, бас бапкер болды

Соңғы екі ай бойы "Дерби Каунтидің" бапкері болған Уэйн Руни футболшы мансабын аяқтады.

Ағылшын клубының ресми сайтында хабарланғандай, бапкерлік мансабын енді ғана бастаған Руни "Дерби Каунтимен" 2023 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған.

Руни өткен жылдың қараша айында Филипп Кок қызметінен босатылғаннан кейін "Дербиде" бас бапкердің міндетін уақытша атқара бастады. Футболшы ретінде Руни осы маусымда Чемпионшипте 10 матч өткізіп, 1 гол соқты. 22 турда 19 ұпай жинаған "Дерби Каунти" Чемпионшиптің турнирлік кестесінде 22-орында тұр.

Уэйн Руни "Дерби" сапына ауыспас бұрын "Ди-Си Юнайтед", "Эвертон" және "Манчестер Юнайтед" клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×