
Айта кетейік, осыған дейін біраз БАҚ-та Магомед Адиев «Атырауға» келеді деген ақпарат тараған.
Тіпті кей дерек көздерінде ресейлік маман мен «Атырау» президенті Дидар Сыдықбектің арасында ауызша келісім жасалды делінген. Алайда, Магомед Мұсаұлы тілшілердің сауалына біржақты ғана жауап берген еді.
«Қазір мен «Атырауда» емеспін», - деп жауап берген болатын М. Адиев Meta-ratings.kz-ке берген сұқбатында.
Магомед Адиев ҚПЛ-де қарағандының «Шахтерін» жаттықтырған. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының тізгінінде жемісті еңбек етті - ұлттық команда ресейлік бапкердің жаттықтыруымен Ұлттар лигасындағы С дивизионын ұтып, бір дивизион жоғарылады. Сондай-ақ, Еуро-2024 турнирінің финалдық кезеңіне шығудан соңғы сәтке дейін үмітті болды. Алайда, Словениямен болған шешуші ойында есе жіберіп, мүмкіндікті мүлт жіберді. Бұдан бөлек, Ұлттар лигасының тоғыспалы ойындарында Грекиядан ұтылып, тағы бір мүмкіндікті жіберген болатын. Қазақстан құрамасынан өз еркімен кеткен соң М. Адиев грозныйлық «Ахматтың» бас бапкері ретінде қызмет атқарды.
Біздің серіктес: FONBET