Соқырдың кебін киіп. Чемпиондар Лигасындағы төрешілердің ірі қателіктері

13.03.2015, 19:47
Соқырдың кебін киіп. Чемпиондар Лигасындағы төрешілердің ірі қателіктері
elddСоңғы жылдары ФИФА мен УЕФА төрешілердің қателіктерімен күресуді шындап қолға алды. Еуропаның ұйымы әр қақпа маңайына бір төрешіден қойды. Футболдан бүкіл әлемдік одақ, доптың қақпа сызығынан асқан-аспағанын анықтайтын арнайы бейнеқайталауды көруге рұқсат етті. Бірақ, қандай шара қолданса да, матча төрелік жүргізетін төрешілердің қателігі доғарылар емес. Бұл жерде түсінуімізге міндетті жәйт-қанша жерден жоғары білім алып, талай өткелектен өткенімен төрешілер де адам баласы. Біз, көгілдір экранның алдында отырып, бірнеше қайталауды көргеннен кейін ғана, шешімнің анық-қанығына көзіміз жетіп жатады. Ал, бас қазы бар болғаны 5-6 секундтың ішінде шешім қабылдауы тиіс. Чемпиондар Лигасы әлемдегі үздік клубтық турнир болғандықтан, мықтының мықтысын төрелікке сұрыптап алады. Дегенмен, қателіктер бұл турнирде де кездеспейді емес. Екі күн бұрынғы Лондондағы шулы ойынмен қоса, төрешілердің қатысуымен болған тағы бірнеше ойындарды еске түсірмекпіз.  "Челси"-"ПСЖ" Бас қазы: Бьорн Кейперс(Нидерланды) Қателіктер: Ибрагимовичті алаңнан қууы, "ПСЖ" қақпасына пенальти белгілемеуі, дөрекі Диего Костаға қызыл қағаз көрсетпеуі Нәтиже: 2:2("ПСЖ" келесі кезеңге өтті) Ауыр салмақтағы алыптардың алғашқы кездесуі Парижде өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Ширек финалға шығу үшін француздарға міндетті түрде гол салу керек болатын. Бірақ, бірінші таймның ортан белінен асқанда, ол үмітті бас қазы жерлегендей көрінген. Оскар мен Ибрагимович арасындағы қақтығыстан кейін шведті алаңнан қуып шықты. Төрешіге, Оскардың жан айқайынан кейін, Ибраның допқа таласуы дөрекінің "дөрекілігі" болып көрінген болуы керек. Бірақ, екі ойыншы да допқа таласты. Ибраның ойында қарсыласты әдейі жарақаттайын деген ой болған жоқ. Оны қимылынан-ақ көруге болады. Бұл жердегі ең ауыр жаза-сары қағаз болуы тиіс-тұғын. Әрине, осыдан кейін ойын барысы бірден өзгерді. Париждіктер қорғанды. Қорғаныс барысында, қорғаушыларға көмекке келген Кавани испандық шабуылшы Костаны айып алаңында шалып құлатты. Төреші бәрін көрді, бірақ пенальти белгілеген жоқ. Бәлкім, Ибраны алаңнан жазықсық қуғанын сол кезде-ақ түсінген болар. Алаңдағы қылықтары, дөрекілігі тірі жанға жақпайтын Коста сол күні бір-екі емес, 7-8 сары қағазға жетерлік дөрекілік танытты. Луиз бен Сильваны алаңнан қудыру мақсатында талай рет әдейі құлады, допқа таласып жатқан болып қарсыластарды итерумен болды. Негізі уақыт 1:1 аяқталған соң, овертайм ойнатылды. Соның бірінші таймында, Кейперс париждік команда қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Оның өзі күмәнді. Иә, Тиаго Сильва әуедегі допқа талас барысында қолын көтерді, бірақ қолына доп тиді ме, тимеді ме ол да белгісіз. Бірақ, осы гол "ПСЖ"-ның бар күшімен шабуылдауына әсер етті. Ақыр-аяғы бұрыштама добынан кейін қайсар жігіттер оған да қол жеткізді. Арбитрдің сансыз қателіктері ойын барысына әсер еткенімен, матчтың нәтижесі әділетті деп қарағанымыз жөн. "Боруссия Д"-"Малага" Бас қазы: Крейг Томпсон(Шотландия) Қателік: Сантаның оффсайдтан салған голы Нәтиже: 3:2("Боруссия Д" келесі кезеңге өтті) Чемпиондар Лигасындағы 2012/2013 маусымның ширек финалында, фаворитті анықтап айтуға қиын текетірес болған еді. "Боруссия Д"-"Малага". Шабуыл өтінде Гетце-Левандовски-Ройс үшітігі бар немістер, қаржылық дағдарысқа қарамастан сағы сынбаған испандықтар. Малагадағы кездесу 0:0 есебімен аяқталған кейiн, кімнің келесі кезеңге өтерін анықтап айту мүлде қиындаған еді. Дортмундтағы матч Чемпиондар Лигасындағы ең тартысты ойындардың қатарына кіретіні сөзсіз. 91-ші минутқа дейін "Малага" 2:1 есебімен алда тұрды. "Боруссия" келесі кезеңге өтуі үшін 2 гол салуға тиіс-тұғын. Аяғына дейін күресетін Клопп жігіттері 2 голды да салды. Ройстың голына дау жоқ, бірақ Сантананың жеңісті добы Кабальеро қорғаған қақпаға оффсайдтан кірген еді. Қапталдағы лайнсмен де, бас қазы да бұны байқаған жоқ. Нәтижесінде, жартылай финалда испандық дерби "Реал Мадрид"-"Малаганы" көрудің орнына, Томпсон мырзаның арқасында "Боруссия Д"-"Реал Мадрид" текетіресін көрдік. Ал, оның нәтижесі қалай болғандығын жақсы білесіз. "МЮ"-"Реал Мадрид" Бас қазы: Джюнейт Чакыр("Түркия") Қателік: Наниді алаңнан қууы Нәтиже: 1:2("Реал Мадрид" келесі кезеңге өтті) Дәл сол жыл. Даңқты Фергюсонның соңғы маусымы. Қарсылас Моуриньо тізгіндеген корольдік клуб. Испания астанасындағы бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталды. Англияда Моуриньо шәкірттеріне міндетті түрде гол салу керек. Мадридтен келген қонақтар, басында шабуылдауға тырысқанымен, бірінші болып есепті "қызыл сойқандар" ашты. 1:0 есебі Манчестерді толықтай ширек финалға алып шығады. Бірақ, 58-ші минутта бас қазы Луиш Наниге қызыл қағаз көрсетіп бәрін құртты. Негізсіз. Нанидің екі көзі допта болды, Арбелоаны көрген жоқ. Нәтижесінде, төрішінің қателігі ойынға әсер етті. Қалған уақытта қонақтар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті голды салып ширек финал жолдамасына қол жеткізді. Төрешілерге ешқашан шағым айтпайтын Фергюссон мырза, Чемпиондар Лигасындағы ең соңғы ойынында сол төрешілер тарапынан әділетсіздікке тап болды. "Челси"-"Барселона" Бас қазы: Том Хеннинг Эвребе Қателіктері: Абидальды алаңнан қуды, ойын аяғында "Барселона" қақпасына пенальти белгілемеді Нәтиже: 1:1("Барселона" финалда) Жаттықтырушы ретінде әлемге жұмбақ Пеп Гвардиоланың алғашқы маусымы. Чемпиондар Лигасынының жартылай финалында бүгінде 21-ғасырдың үздік командасы саналатын сол "Барселонаның" жолы Гусс Хиддинк баптайтын "Челсимен" түйіскен еді. Барселонадағы қақпа торында доп туламаған, іш пыстырарлық ойыннан кейін, барлық мәселе Лондонда шешілуі тиіс болатын. Бірақ, ол ойын әрбір жанкүйер жадында Эссьен мен Иньестаның әдемі голдарымен емес, бас қазының былығымен сақталып қалды. Скандинавия түбегінің тумасы адамның ақылына сыймайтын қателіктер жіберді. Абидальға жазықсыз қызыл қағаз көрсетті, ал матч аяғында "блауграна" қақпасына бір емес, бірнеше пенальти белгілемеді. Пеп шәкірттері сол күні өз айып алаңдарында не істемеді десеңші.. Қарсыласты қалай теуіп құлату керек екендігін де көрсетті, баскетбол, волейбол да ойнады. Нәтижесінде, католондықтар Римдегі финалға жолдама алды. Төрешілердің қателіктері кездесті, кездесіп жүр, кездесе береді де. Адами фактор әсер етпей қоймады. Стадионның атмосферасы, ішкі толғаныс, қорқыныш, футболшылардың қысымы. Бұдан ешкім де сақтандырылған емес. Бірақ, ең өкініштісі бір адамның қате шешімі миллиондаған жандардың көңіліне қаяу түсіретіндігі. Талай футболшылардың арман-тілегіне балта шабатындығы. Дегенмен, алаңдағы ойынға тірі жан төрелік еткенде, бұндай жағдайлар қайталана береді. Бар үміт-күн санап дамып келе жатқан технологияда. Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.725
Ничья
3.52
П2
2.161
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.408
Ничья
3.62
П2
3.085
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.131
Ничья
3.89
П2
3.455
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.285
Ничья
3.445
П2
3.475
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.04
Ничья
4.175
П2
1.701
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.804
Ничья
3.72
П2
2.498
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.515
Ничья
3.605
П2
2.851
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.909
Ничья
3.21
П2
2.776
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Дженоа
Наполи
22.00
П1
5.79
Ничья
3.83
П2
1.719
Aladop Youtube
×