Пеле: «Роналду Мессиден мықты»

13.03.2015, 21:57
Пеле: «Роналду Мессиден мықты»
Әлемнің үш дүркін чемпионы бразилиялық Пеле Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың арасында кім мықты екенін айтып, болашақта Неймардың көшбасшы болатынын жеткізді. «Мессидің бірнеше жылдық басымдығынан кейін бүгінде Роналду үздік болып тұр. Әрине, Лионельдің де өз мықты тұстары бар. Ал болашақта Неймар көшбасшы болады. «Барселонада» көшбасшысы атанып, Бразилияға көмектесетін күші бар оның», - деді Пеле. Сондай-ақ, футбол королі не нәрсеге өкінетінін де айтып берді: «Екі нәрсе үшін қатты өкінемін: Олимпиада ойындарына қатыспағаныма және «Уэмблиде» бір де бір ойнамағаныма.»  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×