Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, мәскеулік "Спартактың" қорғаушысы Илья Кутепов "Астанаға" ауыспайтын болды.
27 жастағы қорғаушыға "Астана" қызығушылық танытқан еді. Кутеповке ойын тәжірибесі керек, мәскеулік клубтың бас бапкері Доменико Тедеско оны негізгі құрамда шығармай жүр.
Сондай-ақ "Спартак" оны РПЛ клубына жібергісі келмейді. Сондықтан оның "Астанаға" ауысу ықтималдығы жоғары еді. Бірақ трансфер сәтсіз аяқталды, мұның себебін елордалық клубтың бас бапкері былай түсіндірді:
"Шынында да, біз Ильяның кем дегенде жазға дейін "Астанада" ойнағанын қалаған едік. Мен бұл туралы ойыншының өзімен сөйлестім, ол келісімін берген болатын. Бірақ клуб оны жібермеді. Неліктен? Себебі Кутепов "Спартакқа" керек. Өкінішті-ақ, мен оны өз командамда көргім келген еді", - деді Тихонов.
Біздің серіктес: FONBET