"Спартакқа" 150 миллион теңге бөлінді

14.03.2012, 21:05
"Спартакқа" 150 миллион теңге бөлінді
"Спартак" футбол клубының 2012 жылғы бюджеті белгілі болды. Алдын ала жоспарланғандай, клубтың биылғы бюджеті 150 миллион теңгені құрамақ. Оның 100 миллионы қалалық бюджеттен бөлінсе, 50 миллионы демеушілерден келетін қаржы.  Семей қаласының футбол қоғамы қала әкімі Айбек Кәрімовтен қалалық футбол федерациясын басқаруды сұрап, өз дауыстарын бірауыздан осы кісіге берді.     Осыған байланысты Семейде қалалық футбол федерациясының отырысы өткен болатын. СФФ-тың атқарушы директоры Александр Борисов алғашқылардың бірі болып футбол федерациясының Семейде құрылғанын айтты. Бұл 1996 жыл еді. Дегенмен, 1997 жылы Семей облыс орталығы статусынан айрылып, облыс федерациясы Өскемен қаласына қоныс аударады. 2005 жылы федерация өз жұмысын қайта жандандырған. Талғат Омаров президенттік етіп, өз қызметін 2008 жылға дейін атқарған. Одан кейін федерация басшысыз қалады. Бүгінге дейін федерация президентсіз жұмыс жасап келді. Сосын Борисовтен кейін вице-президент Бағдат Түсеев пен қаладағы футбол қоғамының атынан Саясат Сәрсенбинов сөз сөйлеп, бұл қызметке Кәрімовтың кандидатурасын ұсынған.   (Айбек Кәрімовтың жоспарлары керемет)      Сөз кезегі "Спартак" футбол клубының бас бапкері Валерий Журавлевқа да жетті. Бас жаттықтырушы команданың Өзбекстанда өткен оқу-жаттығу жиыны жайлы баяндама жасады.       Өз кезегінде Айбек Кәрімов қолдаушыларының сеніміне алғысын білдіріп, Семей футболының дамыту жолдары жайлы өз пікірімен бөлісті. Яғни, "Спартак" командасына ерекше көңіл бөлу керек екенін, сондай-ақ, қала футболының дамуын да қатар алып жүру керектігін жеткізді. "Спартак" стадионын қайта жаңартуға да айрықша көңіл бөліну керектігін айтты. Сонымен қатар, "Спартак" футбол клубының 2012 жылғы бюджеті де белгілі болды. Алдын ала жоспарланғандай, клубтың биылғы бюджеті 150 миллион теңгені құрамақ. Оның 100 миллионы қалалық бюджеттен бөлінсе, 50 миллионы демеушілерден келетін қаржы. Бұдан бөлек, қала әкімі білім және дене шынықтыру бөліміне "Спартак" стадионының қайта құрылымдау жұмыстарына бағытталған жобалық-сметалық құжатты шұғыл түрде дайындауға тапсырма берді. Аталмыш бөлім бұл құжатты екі айда жасап бітуі тиіс. Ал стадионның қайтар құрылымдау жұмыстары Қазақстан футболының 100 жылдық мерекесіне дейін аяқталуы тиіс.   Жиында жеті адамнан тұратын СФФ төралқасы құрылды:  — Айбек Кәрімов;  — Қанат Түлесбаев;  — Зейнетулла Ахметов;  — Александр Борисов;  — Бағдат Түсеев;  — Константин Бужилов;  — Әділжан Құдайбергенов.   www.kff.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×