Спорт комментаторларын дайындайтын алғашқы орталық ашылады

16.01.2016, 23:25
Спорт комментаторларын дайындайтын алғашқы орталық ашылады
Алматыда спорт журналистері мен комментаторларын даярлау мектебі өз жұмысын бастайды деп хабарлайды NUR.KZ. Cпорт журналистері мен комментаторларды даярлау мақсатында ашылған орталықтағы курс аптасына екі рет, екі ай бойы өткізіледі, деп мәлімдеді жоба жетекшілерінің бірі, танымал спорт комментаторы Рауан Оқас. Тәлімгерлер теория мен практика жүзінде онлайн спорт журналистикасы, баспасөз бен телеарналардағы спорт журналистикасы және спорт комментаторлығының қыр-сырын үйренеді. Екі айлық дәрістен кейін тәлімгерлер БАҚ-та 10 күндік тәжірибеден өтеді. Сонымен қатар, курс бітіргені туралы сертификатқа, спорттық сыйлықтарға ие болады, дейді жоба ұйымдастырушылары. Тәлімгерлерге елімізге танымал спорт комментаторлары Есей Жеңісұлы, Ержан Көшкінбай, Ермұхамед Мәулен, Рауан Оқас, Руслан Меделбектер дәріс өткізеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×