Станислав Черчесов: “Әліп алдағы уақытта “Зениттің” “Спартак” пен “Химкиге” қарсы кездесуінде алаңға шығуы мүмкін”

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов “СЭ” сайтына берген сұқбатында Нұралы Әліптің жарақаттан кейін қалыпқа келу процессі ойдағыдай болып жатқанын айтты.

Станислав Черчесов: “Әліп алдағы уақытта “Зениттің” “Спартак” пен “Химкиге” қарсы кездесуінде алаңға шығуы мүмкін”

Еске салсақ, қорғаушы Әліп “Факелге” қарсы Ресей Кубогының 1-турында жарақат алған болатын. Содан бері отандасымыз өз командасының 3 кездесуін өткізіп алды.

“Әліп аяқ бұлшық етін жарақаттап алған. Қуанышқа орай, футболшы үшін бұл ауыр жағдай емес. Жақын аралықта Нұралы қатарға қайта оралуы тиіс. Әліп алдағы уақытта “Зениттің” “Спартак” пен “Химкиге” қарсы кездесуінде алаңға шығуы мүмкін. Біз осындай тұжырымға келіп отырмыз”.

Әліп 2022 жылдан бері петерборлық ұжымда барлығы 64 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

 

 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×