Стойчо Младенов «Қайсардан» кетті

26.11.2020, 22:00
«Қайсар» әлі екі ойын өткізуі тиіс.
Стойчо Младенов «Қайсардан» кетті

Болгариялық маман Стойчо Младенов өзінің көмекшілерімен бірге «Қайсардың» орналасқан жерінен мерзімінен бұрын кетіп қалды, деп хабарлайды журналист Айдын Кожахмет өзінің телеграмм-арнасында.

«Бұл туралы бүгін клубтағы ақпарат көздері хабарлады. Сондай-ақ олар Стойчоның командамен қоштаспай кетіп қалғанын айтты. Недегенмен клубтағы төрт жылын осы жігіттермен өткізді ғой.

Младеновтың командадан маусымды аяқтамай кетуінің екі себебі бар. Мен қақтығыс оқиғасына көбірек сенемін. Мен білсем - бұл жағдай шынымен де орын алды. Жағдай төбелеске дейін жеткен жоқ, бірақ қатты сөздер қолданылды», - деп жазды ол.

Еске салайық, тәлімгердің соңғы қақтығысы команда капитаны Асхат Тағыбергенмен болған еді.

63 жастағы Младенов «Қайсарда» 2016 жылдың қарашасынан бері жұмыс істейді. Оған дейін ол «Атырауды» жаттықтырды. Қызылордалық клубпен ол 2019 жылы ел кубогын жеңіп алды, бұл «қасқырларға» осы маусымда Еуропа лигасында дебют жасауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде оның ойыншылары Кипрлік АПОЭЛ командасына есе жіберді (1:4). 2019 жылы Младенов ҚПЛ-дің үздік жаттықтырушысы болып танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×