Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға төмендеді

26.11.2020, 20:40
Ұлттық құрамамыз осы айдағы Ұлттар лигасы аясындағы екі матчта та жеңілді.
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға төмендеді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 122-орынға төмендеді

Қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Алғашқы ойында алаң иелері Албаниядан жеңілсе (1:3), одан кейін Литвадан өз алаңында жеңіліске ұшырады (1:2). Нәтижесінде ұлттық құрамамыз өз тобында соңғы орынға ие болды. Қазақстан құрамасы бұған дейін 119-орынға тұрақтаған еді.

Толық тізім төмендегідей:

1. Бельгия - 1780;

2. Франция - 1755;

3. Бразилия - 1743;

4. Англия - 1670;

5. Португалия - 1662;

6. Испания - 1645;

7. Аргентина - 1642;

8. Уругвай - 1639;

9. Мексика - 1632;

10. Италия - 1625;

...

24. Украина - 1528;

39. Ресей - 1461;

66. Албания - 1360;

85. Өзбекстан - 1283;

88. Беларуссия - 1269;

89. Грузия - 1267;

96. Қырғызстан - 1240;

99. Армения - 1233;

109. Эстония - 1180;

110. Әзірбайжан - 1180;

121. Тәжікстан - 1143;

122. Қазақстан - 1142;

129. Литва - 1114;

132. Түркменстан - 1107;

136. Латвия - 1082;

177. Молдова - 950.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×