Команданың әрбір футболшысы алаңда бар күшін қалдырды десем артық айтпаспын. Қарсыластан сескенбедік. Лайықты қарсылық көрсеттік. Жігіттер алаңда қасық қаны қалғанша шайқасты. "Атлетикоға" қарсы алғашқы ойында клубтың алдына қойған жеке мақсаттары болса, бүгін ел футболының беделін ойладық. Сол үшін барымызды салуға міндетті едік. Еншілеген ұпайды бүкіл Қазақстан халқына арнаймыз.
Біздің серіктес: FONBET