Чемпиондар Лигасы. Бүгінгі ойындар

05.11.2015, 01:44
Чемпиондар Лигасы. Бүгінгі ойындар
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 4-ші туры өз жалғасын таппақ.  Бүгінгі күннің орталық ойыны "Альянс-Арена" стадионында өтеді. "Бавария"-"Арсенал". Бұл ойын бірнеше мәселені шешуі мүмкін. Алаң иелері жеңсе плей-оффқа жолдама алады. Ал, келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігін "зеңбірекшілер" сақтап қалғысы келсе, Гвардиола шәкірттеріне есе жібермеуге тиіс. E тобының көшбасшысы "Барселона" өз алаңында "БАТЭ"-ны қабылдаса, "Байер" "Ромамен "күш сынасу үшін Римге қонаққа барады. Естеріңізде болса, осы қос команда екі апта бұрын осы маусымдағы топтық кезеңнің ең нәтижелі матчын ойнаған еді. "БайАренадағы" кездесуде 4:4 есебі тіркелді. Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. 4-ші тур. Екінші күн Е тобы "Барселона"(Испания)-"БАТЭ"(Белоруссия) "Рома"(Италия)-"Байер"(Германия) F тобы "Бавария"(Германия)-"Арсенал"(Англия) "Олимпиакос"(Грекия)-"Динамо" З(Хорватия) G тобы "Маккаби"(Израиль)-"Порту"(Португалия) "Челси"(Англия)-"Динамо" К(Украина) H тобы "Лион"(Франция)-"Зенит"(Ресей) "Гент"(Бельгия)-"Валенсия"(Испания)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×