«Суңқар" болгар клубын жеңді

11.02.2012, 18:29
«Суңқар" болгар клубын жеңді
Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген Қаскелеңнің "Сұңқары" Болгария бірінші лигасының "Любимец" клубымен жолдастық кездесу өткізді.   3:1 есебімен жерлестеріміз жеңіске жеткен ойында, қаскелеңдіктердің жаңа ойыншысы Милош Адамович дубль (26, 35 мин.) авторы атанды. Соңғы минутта Жігер Көкеев қарсылас қақпашысын сан соқтырды. Бұл ойында "Сұңқар" алаңға мына құрамда алаңға шықты: Пасеченко, Сабиров, Әмірсейітов, Нахунек, Молдағалиев, Цветкович, Луис Родригес, Адамович, Никезич, Қалмұратов, Андреев.  Ал Кувшинов, Шурыгин, Шапурин, Көкеев, Седельников, Сүйінов, Турысбек, Мыңбаев, Тәжмағамбетов сынды жігіттер ойынға матч барысында араласты Бүгін "Сұңқар" Алматыға ұшады. Дегенмен, қысқа мерзімді демалыстан соң маусым алдындағы соңғы жиынын өткізу үшін қайта Түркияға аттанады. "Сұңқар" ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×