«Сұңқардың» тағы бір жолдастық кездесуі

03.02.2012, 03:32
«Сұңқардың» тағы бір жолдастық кездесуі
Қаңтардың 27-сінен бері Қаскелеңнің "Сұңқары" Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде. "Титаник" атты өте ыңғайлы қонақүйден орын алған Алмас Құлшынбаев шәкірттері күн сайын жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Бас бапкердің сөзіне сенсек, бұл жиында команда екі-үш жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл жолғы жаттығу жиынында басты назар футболшылардың физикалық дайындығына аударылатын болады. Жиын соңына қарай, клуб басшылығы жаңа маусымда команда негізін құрайтын бірнеше футболшылармен келісімшартқа отыратын болады.   Екінші оқу-жаттығу жиынының аясында кеше "Сұңқар" өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Бұл жолы қаскелеңдіктерге Түркияның екінші лигасында өнер көрсететін "Afyon" клубы қарсылас атанды. Матч бойы екі командада бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Айта кетейік, қаскелеңдіктер бұл ойында қосалқы құраммен өнер көрсетті. Сондай-ақ, бапкер сынағынан өту үшін командаға қосылған легионерлер де алаңға шықты. Олардың арасынан молдовалық шабуылшы Анатолий Дорошты ерекше атап өтуге болады. Бұл ойыншы былтыр "Астана" және "Ертіс" клубтарының намысын қорғаған болатын. 2 ақпанға тағы бір матч жоспарланған. Жерлестерімізге Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін Оренбургтің "Газовик" клубы қарсылас атанады. Ал жиын 10 ақпанға дейін созылады. "Сұңқар" ФК баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×