Суперкубок-2015. "Астана" немесе "Қайрат"

21.02.2015, 22:51
Суперкубок-2015. "Астана" немесе "Қайрат"

10959388_454597971354198_7340126523450208972_nБиыл 2-наурыз күні 2015-жылғы тағы бір футбол маусымы тұсауын кеспек. "Астана-Аренадағы" матчта Қазақстанның суперкубогының иегерінің есімі белгілі болады. Маусымашар матчта еліміздегі соңғы жылдардағы екі мықты ұжым күш сынаспақ. Ел чемпионы "Астана" өткен жылғы кубоктың жеңімпазы "Қайратпен" ойнайды. Қос астананың арасында соңғы жылдары мінезді ойындар пайда болып жүр. Ішкі чемпионат пен сырттағы еурокубоктық ойындарда да осы командаларға сенім артып жүргеніміз жасырын емес.

Әуелі әңгімені "Астанадан" бастасақ. Станимир Стоилов командасы Дубай мен Түркияда оқу жаттығу жиындарын өткізді. Өткен жылғы құрамнан бірнеше футболшы кетті. Олардың ішінде Сербиялық Дамир Кояшевич пен бас бапкердің отандасы, болгариялық Атанас Курдов. Ал командаға жаңадан 5 футболшы келді. "Шахтер" сапында ойнап жүрген Ұлан Қонысбаев бұрындары елордалық ұжымда өнер көрсетсе, Тоқтар Жаңғылышбай "Астана" жейдесін алғаш кигелі тұр. Шабуыл өтін күшейту мақсатында Стоилов Молдова құрамасының қақпасына гол соққан, бас команданың шабуылшысы Алексей Щеткинді алды. Сонымен қатар, жартылай қорғанысқа Сербия жастар құрамасының капитаны Неманья Максимович келді. Қорғанысқа 22-жасар даниялық Каспер Ларсен секілді болашағы зор футболшы қосылып отыр. Жалпы айтқанда, Станимир Стойлов ақауы бар позицияларды жаңа футболшылармен күшейтіп тастады. Енді өткен жылғы ойынды одан әрі дамытса, елордалық команда ішкі чемпионатта дүлей күшке айналмақ.

"Астананың" қарсыласы, кубоктың иегері алматылық "Қайрат" та, ОЖЖ-ларын Дубай мен Түркияда өткізді. Бас бапкер, Владимир Вайсс көп футболшы ала қоймады. Негізінен өткен маусымда ойнаған жігіттерге сенетіндігін жеткізіп отыр. Осы жақында ғана словакиялық маман, Суперкубокты жеңуіміз керек деп мақсатты айқындап тастады. Ал қалған чемпионаттағы мақсат ол түсінікті - чемпион атану. "Қайрат" жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық ретінде Жамбыл Көкеевтің қайта ойынға оралғандығын айтуымыз керек. Ұзақ жарақаттан енді айығып келе жатқан Жамбыл маусым ортасына қарай команда ойынын күшейтетіні анық.

Сонымен бірге, швециялық "АИК" ойыншысы Ибраим Моро "Қайрат" қорғанысын күшейту үшін шақырылды. Бірақ, ірі денелі, мығым қорғаушыда осы күні кішігірім жарақат бар. Суперкубок матчына қатысуы белгісіз болып тұр. Команданың негізгі сұрмергені болып жүріп, жарақат алған Момаду Сиссей де жасыл алаңға оралды. Енді Жерер Гоу екеуі шабуыл өтінде жұп құрамақ. Ал бұл екі сұрмергенге сәл төменнен пас шығаратын, креативті Бауыржан Исламханды қосыңыз!

Сонымен қатар командаға Ойбек Балтабаев пен Бауыржан Тәңірбергенов секілді жас футболшылар келді. Өткен жылы ойнаған Дарабаев, Қуантаев, Ли сияқты жастардың қатары талантты жігіттермен толысып, командада бәсекелестік артып отыр.

Ал енді Қазақстан Суперкубогының тарихына тоқталып өтсек. Басында бір жыл ойналып, бір жылдары ұмыт қалып келген бұл бәсеке дәстүрлі тартысқа айналды. Бұл кубоктың алғашқы жеңімпазы семейлік "Елімай" командасы. Андрей Мирошниченко мен Глушковтың соққан 2 голы семейліктерге тарихи жеңісті әкелген. Сол Андрей Мирошниченко осы күні "Ақтөбе" командасының спорттық дирректоры екенін білесіздер. "Ақтөбе" суперкубокты 3 мәрте жеңген Қазақстандағы жалғыз команда. 2011 жылы Суперкубокты "Локоматив" командасы жеңгенін "Астана" командасының тарихына енгізер болсақ, елордалықтар 2 рет Суперкубокта ойнаған деген сөз. Ал онда алматылық "Қайрат" бұл жағынан болашақ қарсыласынан қалып тұр деген сөз. Өйткені, алматылықтар Суперкубокты жеңіп көрмеген. Тіпті, биыл Суперкубок финалына тұңғыш рет шығып отыр.

Суперкубок тарихында үздік сұрмерген - Сергей Струков. Оның еншісінде 3 гол болса, "Тобыл" шабуылшысы Сергей Бугаев 2 доптың авторы. Биылғы финалдық матчта Қазақстан Футбол Федерациясы 2014-15 жылғы Чемпиондар лигасының финалына 2 билет ойнатпақшы. Сондықтан да, Суперкубокты "Астан-Арена" стадионына барып көрген жанкүйерлерде жылдың басты матчын Берлиндегі "Олимпиаштадионнан" тірі көзбен көруге мүмкіндік тумақ.

Қазақстан Суперкубогы тарихы

Жылы Жеңімпаз Есеп Жеңлген команда
1995 Елімай[3] (1)Қазақстан чемпионы 1994 2-0 Восток1994 ж. Қазақстан кубогының иегері
2008  Ақтөбе (1) 2007ж. Қазақстан чемпионы 2-0 Тобыл Қазақстан кубогының иегері 2007ж.
2009[4]
2010 Ақтөбе (2) Қазақстан чемпионы 2009ж. 2-0 Атырау2009ж. Қазақстан кубогының иегері
2011 Локомотив[5] (1) 2010 Қазақстан кубогының иегері 2-1 Тобыл  2010ж. Қазақстан чемпионы
2012 Ордабасы (1)  2011 Қазақстан кубогының иегері 1-0 Шахтёр 2011ж. Қазақстан чемпионы
2013 Шахтёр (1)  2012ж. Қазақстан чемпионы 3-2 қ.у. Астана2012ж. Қазақстан кубогының иегері
2014 Ақтөбе (3)  2013ж. Қазақстан чемпионы 1-0 Шахтёр 2013ж.  Қазақстан кубогының иегері

 Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×