Тағы бір клубта ауқымды ауыс-түйіс болады

14.05.2025, 16:14

Бізге белгілі болғандай, жақын күндері «Тараз» клубының басшылығында ауыс-түйіс орын алмақшы.

Тағы бір клубта ауқымды ауыс-түйіс болады
"Тараз" ФК футболшылары

Дәлірек айтқанда, клуб директоры Әлімбек Жұмабаев қызметінен кетуі ықтимал. Дәл қазір оның орнынан жаңа бас директор іздеп жатыр.

Айта кетейік, 53 жастағы маман «Тараз» директорлығына тура бір жыл бұрын тағайындалған болатын. Жалпы, Әлімбек Жұмабаев осыған дейін де жамбылдық ұжымда басшылық лауазымдарды атқарған. Әлімбек Жұмабаев Жамбыл облысында өмірге келген. Шахматтан бапкер болып жұмыс істеген, кәсіпкерлік саласында да тәжірибесі бар. 2006-жылдан Жамбыл облыстық футбол федерациясын басқарып келген.

«Тараз» футбол клубы Бірінші лиганың 5 турынан кейін 6 ұпаймен сегізінші сатыға жайғасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×