Қуаныш Қабдолов ше? «Атырауға» бас бапкер болатын маманның есімі белгілі

14.05.2025, 17:44

«Атыраудың» бас директоры Дидар Сыдықбек клубтың алдағы жоспарлары мен бас бапкеріне қатысты ой-пікірін айтты.  

Қуаныш Қабдолов ше? «Атырауға» бас бапкер болатын маманның есімі белгілі
"Атырау" ФК футболшылары

«Адиев негізі келуі керек болған. Мен «Атырауға» барған кезде іште болып жатқан былықты білмедім. Ол кісіге хабарласып: «сіз дайындалыңыз, бірге жұмыс жасайық» деп айттым. Мұсаұлы келісімін берді. Бірақ менен әрдайым «не болып жатыр?», «қандай жаңалық бар?» деп сұрап тұрды. Оған осы жылы ешқандай жоғары мақсат-міндет қоя алмайтынымызды, бастысы ҚПЛ-да қалу керектігін, ал келесі жылдан бастап жоғары орындарға таласатынымызды жеткіздім. Іштегі жағдайды білген соң, Адиевке бар мәселені жасырмай, айтып бердім. Нәтижесінде, Мұсаұлы «Химкиді» таңдап, сол клубпен келісімшартқа отырды. Бірақ онымен үнемі байланыста боламын. Горовенко кеткеннен кейін басты мақсатым Жуковскийді қайтару болды. Ол қаланың менталитетін біледі, футболшыларды таниды. Мен осы уақытқа дейін жекеменшік клубта жұмыс істегендіктен, бірден нәтиже көрсетуді қалаймын. Жуковскиймен хабарластым. Ол кісі бір аптаның ішінде жауабымды айтамын деді. Егер келіспесе, жақында ғана жұмысынан босаған Қайрат Нұрдәулетов және тағы бір-екі нұсқа бар. Алдағы екі ойыннан кейін біраз нәрсе өзгеруі мүмкін. Егер қаласақ, жоғарыда аталған бапкерлердің кез-келгені біздің ұсынысты қабылдауға дайын тұр», - деді отандық менеджер «Спорт Пульс» арнасына берген сұхбатында.

«Атырау» дәл қазір турнирлік кестеде 3 ұпаймен 13-орында келеді. 8 турда «мұнайшылар» бір-ақ ойында ұтып, қалған жеті ойынның барлығында жеңіліс тапқан болатын. Өткен айда команданы маусымға дайындаған Константин Горовенко өз еркімен қызметінен кетіп, онын орнына Қуаныш Қабдолов келген. Бас бапкер міндетін атқарушы болып тағайындалған маманның жаттықтыруымен команда әлі жеңіске жете алған жоқ.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×