Тағы жеңіліс...

27.03.2017, 21:59
Тағы жеңіліс...

58d7fe6879a0dҰлттық құрамамыз Бородюк бапкердің қол астындағы алғашқы ресми матчын өткізді. Тағы жеңіліс... Бірақ, бүгінгі айтарым - бұл емес. Негізгі құрамда жеті бірдей қазақ футболшы шықты. Бұл да болса - көңілге аздаған қуаныш ұялатады. Осыдан бірер апта бұрын əлеуметтік желілерде Мирас Адамбай есімді азаматтың бастауымен шағын флешмоб ұйымдастырылған. Ол жерде блогерлер, жалпы ел футболының жанкүйерлері ойыншылардың матч алдында гимн айтуын  талап еткен болатын. Сол наз құлақтарына жетті ме, əлде, аяқдопшыларымызда патриоттық сезім оянды ма, немесе алаңға қазақ футболшылары көп шыққандығы, əйтеуір, он бір ойыншымыз түгелдей əнұранымызды шырқады. Əсіресе, бүгінгі ойынның "шырқын бұзушы" Сергей Малыйдың бас əуенімізді беріле орындағаны. Себебі, ойыншы қазір қазақстандық болғанымен, ұлты басқа, отаны басқа еді. Елде жүргеніне төрт жылдай. Бұған дейін де, Сергей Қазақстанның намысын қорғайтынын, елді сүйетінін мақтана жариялаған болатын. Ойыншыларымыз осыдан кейін де əнұранымызды осылай беріле, түгел шырқауын сұраймыз, өтінеміз, талап етеміз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×