Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Маруаұлы Байсуфинов осыдан 2 күн бұрын ПТР сынағын тапсыру кезінде оң нәтиже алды. Яғни, вирус жұқтырғаны расталды.
Бас бапкердің осыған дейін тапсырған тесттерінде мұндай байқалмаған. 2 апта бұрын Талғат Маруаұлы вирус жұқтырып оқшаулануға мәжбүр болған еді. Одан кейінгі сынама нәтижелері бірде оң, бірде сол болып жатыр.
Айта кетуіміз керек, Талғат Маруаұлының денсаулығы бірқалыпты және жаттығу жұмыстарын онлайн жүргізіп те жатыр. Енді ертең тағы да сынақ тапсырып, денесінде вирустың не бар, не жоқ екенін анықтап алмақ.
Біздің серіктес: FONBET