«Вест Хэм» «Челси» қорғаушысын сатып алды

29.08.2021, 16:55
Трансфер құны 30 миллион еуроны құрады.
«Вест Хэм» «Челси» қорғаушысын сатып алды

Франция құрамасының қорғаушысы Курт Зума "Челсиден" "Вест Хэмге" ауысты. Келісім-шарт мерзімі 5 жылға есептелген.

Бұған дейін "Вест Хэмнің" 26 жастағы футболшы үшін 30 миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын.

Курт Зума "Челси" сапында 2014 жылдан бері ойнайды. Ол лондондық клубпен бірге Англияның екі дүркін чемпионы атанды, Чемпиондар Лигасын, УЕФА Суперкубогін және Англия Лигасының Кубогін жеңіп алды.

Ал "Челси" Зуманы алмастыратын ойыншыны тауып қойды. "Аристократтар" Франция құрамасының тағы бір қорғаушысы Жюль Кундені алу үшін "Севильямен" келіссөздер жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×