Таңат Нөсербаев: «Ордабасы» емделуге кететін ақша былай тұрсын, жалақы да бермеді»

06.02.2021, 16:56
Таңат алдағы маусымда «Тұран» клубының намысын қорғайды.
Таңат Нөсербаев: «Ордабасы» емделуге кететін ақша былай тұрсын, жалақы да бермеді»

"Астана" мен Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік қазақстандық шабуылшылардың бірі Таңат Нөсербаев YouTube-тағы Нұрсұлтан Құрман арнасына берген сұхбатында өзінің мансабы, келісілген матчтар жайлы және "Қайраттан" неге бас тартқандығы туралы айтты:

- Стойлов туралы не айта аласыз?

- Станимир Стойлов бізді жинады. Ойыншылар үшін ол психолог болды, ойыншылардың өздеріне деген сенімін арттырды. Мен көптеген бапкерлермен жұмыс істедім, бәрінде кеңестік менталитет бар, Станимир еуропалық көзқарасқа ие. Менің ойымша, оның арқасында "Астана" Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Ол бастық па? 100%.

- Мансабыңызда келісілген матчтар болды ма?

- Қай клубта болғанын айтпай-ақ қояйын. Ойынға 2 сағат қалғанда менеджерім маған қоңырау шалып, жеңілу туралы үсыныс жасады. Мен бұған келісе алмадым және оны бірден балағаттай бастадым. Бұл адам әлі күнге дейін клубта жұмыс істейді. Мұндай адамдар кетпейінше, қазақстандық футбол дамымайды.

- Сіз мансабыңызда көп жарақат алдыңыз.

- 2010 жылы "Ордабасы" сапындағы алғашқы жаттығуымда арқамды жарақаттап алдым. Көптеген дәрігерлер мансабымды жалғастыру мүмкін емес деді. Құдайдың арқасында мен аяғыма тұра алдым, Саян Хамитжанов қиын сәтте көмектесті. "Ордабасы" басшылығы мені әдейі жарақат алды деп ойлады және мен басқа клубқа кеткім келді. Мен "Ордабасы" клубынан емделуге кететін ақша былай тұрсын, жалақы да алмадым.

- Неліктен "Қайраттан" бас тарттыңыз?

- Мені "Қайратқа" шақырды, Қайрат Боранбаевтың өзі қоңырау шалды. Бірақ мен өте алмайтын қағидалар бар. Мен өз мансабымның қанша жылын "Астанаға" арнадым, сондықтан мен мұндай қадамға бара алмадым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×