
Қазақстандық маман Болат Есмағамбетов ҚПЛ-дің 13-турындағы «Ақтөбе» - «Астана» кездесуіне тоқталып, өзінің ойымен бөлісті.
«Ойын туралы айтсам, көңілімнен шыққан жоқ. Оның себебі командалар өздерінің комбинацияларын жүзеге асыра алмайтындығымен байланысты. Мен бұл кездесуден әлдеқайда көп үміт күткем. Басқа мамандар мен жанкүйерлер де менімен келісетін шығар деп ойлаймын. Мәмілесіз шайқас болғанымен де, қарсыластар қателікке жиі бой алдырған болатын. «Астана» маңызды үш ұпай еншіледі, ал «Ақтөбенің» сәтсіз сериясы одан ары жалғасуда. Матч біржақты болған жоқ. Стадиондағы жағдайға ерекше тоқталу керек, бірде-бір бос орын қалмады. Ақтөбеде футболды қатты жақсы көреді әрі түсінеді деп сенемін. Ақтөбеліктерге жақын арада мәселелерін шешу керек. Енді тағы бірнеше рет қателессе, жүлделі орындар туралы ұмыта берсе де болады», - деді Б. Есмағамбетов «Sports.kz» порталына берген сұқбатында.
Айта кетейік, кеше «Қызыл-ақтар» өз алаңында 0:1-мен есе жіберді. «Астана» кездесудің 84-минутында пенальтиден гол соғып, жеңіске жеткен болатын. «Ақтөбе» ҚПЛ-дің 13 турынан кейін 26 ұпаймен төртінші орынға табан тіреген. «Астана» 14 матчта 33 ұпай жинап, көш бастауда. Екінші – «Қайрат». «Ақтөбе» келесі ойынын 29-маусымда «Қызыл-Жарға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET