Ел чемпионаты: 13-турдағы қызықтар мен «Астананың» жеңіс сериясы

23.06.2025, 12:38

21-22 маусым күндері Қазақстан чемпионатының 13-туры өтті.

Ел чемпионаты: 13-турдағы қызықтар мен «Астананың» жеңіс сериясы

Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 13 гол соғылды.

- 25 сары қағаз көрсетіліп, 2 футболшы алаңнан қуылды.

 ⁃ 13-тур ойындарын 38 178 адам стадионнан тамашалады.

 ⁃ Ең көп 12 400 жанкүйер «Ақтөбе» - «Астана» ойынын тамашалады.

    ⁃    «Астана» 5 мәрте қатарынан жеңіске жетіп, 4 жылдан кейін Ақтөбеден 3 ұпаймен қайтты.

    ⁃    «Ақтөбе» кейінгі 4 ойында қарсыластарын жеңе алмай (1 тең, 3 жеңіліс) жүр.

    ⁃    «Жеңіс» өз алаңында бірінші мәрте қарсыласынан басым түсті.

    ⁃    «Атырау» сырт алаңда әлі бірде-бір ұпай алмаған жалғыз клуб.

    ⁃    Осы турдан кейін «Атырау» клубы бас бапкері мен бірнеше ойыншысымен қош айтысты.

    ⁃    «Оқжетпес» клубының Көкшетаудағы стадионы жөндеу жұмысына байланысты жабылды. Олар алаң иелері ретінде матчын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионында қабылдап, жергілікті «Ордабасымен» кездесті.

    ⁃    «Ұлытаудың» футболшылары екі тур қатарынан бірінші таймда алаңнан қуылды. Бірақ жезқазғандық ұжым 1 жеңіс және 1 тең көрсеткіш тіркеді.

 ⁃ 13-турда 211 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 130 отандық футболшы (негізгі құрамда 83 ойыншы, қосалқы құрамнан 47 ойыншы) доп тепті.

Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?

Қазақстан - 8
Босния және Герцеговина - 1
Албания - 1
Беларусь - 1
Того - 1
Ресей - 1

Матчтардың нәтижесі:

«Жеңіс» – «Атырау» – 2:0
«Қайрат» – «Қызылжар» – 1:0
«Елімай» – «Тұран» – 2:1
«Тобыл» – «Жетісу» – 2:1
«Оқжетпес» – «Ордабасы» – 0:1
«Қайсар» – «Ұлытау» – 1:1
«Ақтөбе» – «Астана» – 0:1

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×