
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дің 13-турындағы «Ақтөбемен» болған матчты қортындылап, пікірін ортаға салды.
«Бар жағынан алғанда өте ауыр ойын болды. Жанкүйерлер бізге үйреншікті әрі көптен бері сезінбеген атмосфераны жасаған. Қазақстанда ондай атмосфераны сирек кездестіруге болады. Сондықтан, алғашқы 20 минутта үлкен қысым болды. Біз «Ақтөбе» қысым көрсететін білдік. Алаң жұмсақ, аздап жаңбыр жауып кеткен. Ойнау қиынға соқты. Екінші таймда сәл бейімделдік, екі жаққа да қауіпті шабуылдар жасалған ойын болды. Қауіпті сәттер бізде де, қарсыласта да болған. Гол соға алдық. Үзілістен кейін әр футболшының ойынды күшейтуі керек екенін айттық. Бірінші таймда қажетсіз қателік көп жіберілді, ал екінші таймда бәрін түзету керек болды. Жігіттер мені тыңдағанын мойындау керек. Алаңға ауысып шыққандар да жақсы ойнады. Бұл біз үшін өте маңызды жеңіс», - деді Г. Бабаян клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
«Астана» 14 ойында 33 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасқан. Елордалық клуб бірінші айналымда бірінші орынмен аяқтап отыр. Келесі турда «Қызыл-Жарды» қабылдайды. Бұл бәсеке 29-маусымға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET