
«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук «Астанаға» қарсы болған ойындағы төрешілікке байланысты пікірін айтты.
Кеше «қызыл-ақтар» өз алаңында 0:1-мен есе жіберді. Қонақтар кездесудің 84-минутында пенальтиден гол соғып, жеңіске жеткен болатын.
«Әдетте сұқбат бергенде төрешілердің жұмысы жайлы пікір айтпайтын едім, бірақ білесіздер ме, бәрібір ішіме сыймай тұр... Даулы эпизодттардың бірінде де төреші ВАР-ға жүгінген жоқ – естіген кеңестерімен ғана шектеліп отырды. Біздің қақпамызға белгілеген пенальтиге байланысты, иә ол жерде Неманья айып соққысын тағайындауға себеп жасаған... Десе де, Қазақстан футбол федерациясының төрешілер кеңесі 55-минутта болған жағдайға назар аударса деймін. Егер бұл пенальти болмаса, онда пенальти қандай болады?», - деді В. Левчук.
«Ақтөбе» ҚПЛ-дің 13 турынан кейін 26 ұпаймен төртінші орынға табан тіреген. «Астана» 14 матчта 33 ұпай жинап, көш бастауда. Екінші – «Қайрат». «Ақтөбе» келесі ойынын 29-маусымда «Қызыл-Жарға» қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET