Бүгін, 19 наурыз күні, танымал ресейлік футбол комментаторы Василий Уткин 52 жасына қараған шағында дүние салды, деп жазады Аладоп.кз.
Журналист Иван Карпов Уткиннің жүрегі сыр берді деп жазды. Ол комментатордың өмірден озғандығы жөніндегі ақпаратты бірінші болып таратқан болатын.
Василий «НТВ» және «НТВ-плюс» арналарында қызмет атқарып танылған. Соңғы кездері блогерлікке бет бұрған Уткин «Эгриси» медиа-командасының дамуына өз үлесін қосып келді.
Комментатор 21 наурыз күні Алматы қаласында Грекия мен Қазақстан арасындағы ойынды жүргізуі керек болатын.
Біздің серіктес: FONBET