Қазақстан чемпионатының «Тобыл» – «Тараз» арасындағы ойынды қайта өткізу қазақстандық футболдың беделіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Жамбыл облысының билік орындары наразылық ретінде команданы ел чемпионатына қатысудан алып тастауға дайын.
«Біз оны жасайтынымыз нақты. Менде айтар сөз жоқ. Мен Футбол федерациясының өз шешімімен бізді емес, бүкіл ел жұртшылығының көңілін қалдырды деп ойлаймын. Егер федерацияның бұл түсініксіз шешімі өз күшінде қалса, біз қайта ойнауға қатыспай ғана қоймай, маусымдық ойындарға да қатыспаймыз», – деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Ғани Сәдібеков.
Оның айтуынша, команданы ел чемпионатына қатыстырмау шешімі аяқ астынан қабылданған жоқ.
«Біз өлшенген шешімді қабылдадық. Командамен, жанкүйерлермен, Жамбыл облысының ғана емес, Қазақстанның мамандарымен кеңестік. Барлығы шындықтың біздің жағымызда екенін айтуда. Егер федерация өзін сыбайластықтан тазартқысы келсе, бұл ретте клубтар зардап шекпеуі керек. «Таразда» қалыпты бәсекеге қабілетті команданы құру бойынша қыруар жұмыс жасалды, және оның барлығын алдын ала пішілген төрешілік арқылы қаламның ұшымен жоққа шығару қорлау болып табылады. Біз басқа шешімді көріп тұрған жоқпыз», – дейді ол.
Қазақпарат