"Тараз" финалға бір табан жақын

04.11.2011, 19:00
"Тараз" финалға бір табан жақын
"Тараз" командасы өз алаңында шымкенттің "Ордабасы" командасын 3:1 есебімен айқын жеңді. Есеп 1:1 болып тұрған кезде алаң иелері сапынан Яковлев қызыл қағаз алып әріптестерін 10 адаммен қалдырып кетті. Осының өзін пайдалана алмаған қонақтар 2 гол жіберіп алды. Енді қарымта кездесу Шымкентте 8 қараша күні өтеді. Бұл матчты "Ел Арнадан" сол күні сағат 17-00-де көре аласыздар. Сырт алаңда тең нәтижеге қол жеткізген "Тобыл" жауапты кездесу алдында жақсы жағдай жасап алды. Барлығын енді жауапты кездесулер шешетін болады. Ал ақтық ойын қарашаның 13 күні Алматының орталық стадионында өтеді. «Тараз» — «Ордабасы» 3:1 (0:0) Голдар: Адамович пенальтиден 56 (1:0), Ирисметов 60 (1:1), Адамович пенальтиден 70 (2:1), Йованович 85 (3:1) Алаңнан қуылған: Яковлев 60. «Ертіс» — «Тобыл» 1:1 (1:1) Голдар: Говедарица 14 (1:0), Гридин 44 (1:1).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×